Асқар Орынбасарұлы Қожағалиев

Асқар Орынбасарұлы Қожағалиев 1957 жылы 15 сәуірде Гурьев қаласында туған.

  • Ленинград темір жол келігі инженерлері институтын инженер-қүрылысшы мамандығы бойынша (1980); Атырау мемлекеттік мүнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша (2001) бітірген.
  • 1980 жылдан - №622 құрылыс-құрастыру пойызының ӨТБ (Гурьев облысы) бригадирі, шебері, аға инженері, бастығы. 1984-1985 жылдары - Гурьев қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 1987 жылдан - «Гурьевмұнайхимқұрылыс» тресінің партком хатшысы. 1989 жылдан - Гурьев қалалық әкімшілік басшысының бірінші орынбасары. 1994 жыл- дан - «Қазақстанкаспийшельф» МК Атырау аумақтық дирекциясының бас директорының орынбасары, директор орынбасары. 1997 жылдан- «Қазақстанкаспийшельф» АҚ Атырау филиалының директор м.а., директоры. 2006 жылдан бері - «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. ҚР Парламент Сенатының депутаты; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі (1999-2005).
  • «Құрмет» (2004) орденімен; «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдары мен; «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен, ТМД ға қатысушы-мемлекеттердің парламентаралық Ассамблея сының құрмет грамотасымен марапатталған.
  • Үйленген. Жұбайы - Тілеусариева Күлән Ұнайқызы және қызы бар.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2