Говардхан қыраты - Үндістандағы Уттар-Прадеш штатында, Матхура ауданы Вриндавана қаласына жақын маңда орналасқан. «Говардхан» атауының екі түрлі мағынасы бар. Тура мағынасы бойынша «го» - «сиыр», ал «вардхана» - «тағам» дегенді білдіреді. Бұл сөздің тағы бір мағынасы бойынша «го» буыны «сезім» дегенді, ал «вардхана» - «үлкею», «көбею» деген мағынаны білдіреді.

Говардхан қыраты

«Пураны» атты ежелгі үнді әдебиетіндегі жазбада осыдан 5000 жыл бұрын осы елді мекенде Кришна балалық шағын өткізгендігі туралы айтылады. Сондықтан көптеген діндар адамдар жыл сайын Говардхан жеріне барып, мінәжат етеді. Қалыптасқан үрдіс бойынша олар парикрама жасайды, яғни музыкалық аспапта ойнай жүріп, медитация жасау арқылы Говардханды айналып шығады. Говардхан - үнділер тәу етіп, мінәжат ететін әйгілі орын. Кришна мен Говардхан тарихы «Бхагавата-пуран» туындысында суреттелген. Говардхан мен оның айналасы қасиетті деп саналады.

Говардхан немесе Грирадж деген атпен белгілі киелі қырат - Брадж ауданының қасиетті орталығы. Бұл қырат Матхура ауданынан батысқа қарай 26 шақырым қашықтықтағы (Нью-Делиден 154 шақырым жердегі) Деег автожолының бойында орналасқан.

Кришна Говардхан қыратын көтеруде

Діни наным-сенім бойынша, Кришна адамдар мен жануарларды Индра құдайының қаһарынан және тоқтаусыз жауған жаңбырдан аман сақтап қалу үшін өзінің кішкене саусағымен осы үлкен қыратты жеті күн бойы басынан асыра жоғары ұстап тұрған. Бұл қырат Кришна қудайының табиғи бейнесі деген сенім бар.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.