Орталықсыздандыру

Орталықсыздандыру (ағылш. decentralisation; нем. Deientralisation f ; лат. de - отмена + centralis - срединный, centrum - средоточие)

  1. басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту.
  2. орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, яғни жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің билік өкілдіктерін кеңейту.[1]

Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның түрлі формалары бар.

Қазақстан Республикасын Стратегиялық жоспарлау Агенттігінің мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру Концепциясының жобасында осы мемлекеттік функцияларды орталықсыздандырудың екі формасын бөліп көрсетеді: бөлшектеу және деволюция.

Жоғарғы білім жүйесінің орталықсыздандырылуы

өңдеу

Жоғарғы білім жүйесінің орталықсыздандырылуы - ЖОО-ның өзіндік оқыту бағдарламасын құрудағы, қаржыландырудың көздерін іздеудегі, т.б. еркіндігін кеңейту.[1]

Бөлшектеу

өңдеу

Билікті бөлшектеу деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен байланысты үрдісті айтады.

Оны «әкімшілік орталықсыздандыру» деп те атайды.

Билікті бөлшектеу басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Оның құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқаруды білдіреді.

Деволюция

өңдеу

Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті басқару органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық беру.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6