Осман ибн Аффан

Ғосман, Осман ибн Аффан (араб.: عثمان بن عفان) (т. ж. б. - 656) - Араб халифатының үшінші халифы, Мұхаммедтің сенімді серіктерінің бірі әрі ізбасары. Ол басқарған кезеңде халифат жері едәуір кеңейді. «Құранның» ресми нұсқасы Ғосман халифтің тапсыруымен құрастырылған. Ислам тарихын жақсы білген Абай өзінің дін уағыздары мен оны тұтыну жолдарын талдауға арналған Отыз сегізінші сөзінде дін жолын ұстау - дүниеден безу еместігін дәлелдеу үшін: «Бірақ әулиелердің бәрі бірдей тәркі дүние емес еді. Ғашәрән - мүбәшәрәдан қазірет Ғосман, Ғабдурах- ман ибн Ғафур уа Сағид ибн Әбу Уақас үшеуі де үлкен байлар еді» деген дерек келтіреді.[2]

Усман ибн Аффан
араб.: عثمان بن عفان
Туған күні:

47 Һ дейін (577 гр)

Туған жері:

Таиф

Қайтыс болған уақыты:

18ші Зуль Хиджаh 35 һ (20 тамыз 656 Гр)[1](79 жаста)

Қайтыс болған жері:

Медине

Жерленген орны:

Джәннат әл Бақиғ

Жұбайы:

Руқия бинт Мұхаммад
• Умм Күлсім бинт Мұхаммад
• Найла
• Рамла бинт Шуйбат
• Фатима бинт әл-Уалид
• фахтаһ бинт Ғазуан
• Умм әл-Банин бинт Унайб
• Умм Әмр бинт Джундуб

Ұлдары:

• Амру (عمرو)
• Умар (عمر)
• Халид (خالد)
• Аббан бин Усман бин Аффан (أبان)
• Абдуллаһ әл-Асғар
(عبد الله الأصغر)
• әл-Уалид (الوليد)
• Сағид (سعيد)
• АбдуМәлик (عبدالملك)

Қыздары:

• Мәриям (مريم)
• Умм Усман (أم عثمان)
• Ғайша (عائشة)
• Умм Амр (أم عمرو)
• Умм Абан іл-Кабри
(أم أبان الکبرى)
• Ару (أروى)
• Умм Халид (أم خالد)
• Umm Абан әс-Сағри
(أم أبان الصغرى)

Ұлты:

Араб

Ол тұралы айтылды:

әл Ғани الغنى ("Кеңпейілді")
Зун Нұрайн ("Нұр иесі")

Осман (Оспан) Аффанұлы (574 - 656) - мұсылман әлеміндегі әділетті төрт халифаның үшіншісі. Мекке арабтарының Омея әулетінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол Пайғамбарымыздан (с.а.у.) алты жас кіші. Әкесі Аффан саудамен айналысатын бай кісі болатын. Әкесінен Османға мирас ретінде көп байлық қалды. Осман да әкесі секілді саудамен айналысты. Ол көп табыс тапты. Қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық жасаған. Сондықтан халық Османды жақсы көріп сыйлайтын. Оның жәһилия дәуіріндегі өмірі жайлы жеткен мәліметтер осы ғана. Оның жәһилия кезіндегі өмірі де басқа сахабалардікіндей еді. Сахабалардың мұсылман болмастан бұрынғы өмірлері жайлы мәліметтер толық болмағанмен мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі үлгі-өнегеге толы өмірлері жайлы мәліметтер сақталып, біздің заманымызға дейін келіп жетті. Оларды өмірге қайта әкелген Ислам еді. Міне, осының нәтижесінде сахабалардың жарқын өмірлері тарихта алтын әріптермен нақышталды. Пайғамбарымыздың жәннатпен сүйіншіленген үшінші халифасы - Осман (р.а.) әдептілік пен ар-ұяттың жарқын үлгісі. Оның табиғаты өте жұмсақ, көркем мінезді және турашылдықпен біртұтас болып кеткен. Ол 34 жасыңда мұсылман болды. Жас, ықпалды саудагердің өзі бойына жарасымды салмақты мінезі де бар Османның мұсылман болғанын естіген немере ағасы Хакам ибн Әбул Ас ашудан жынданып кете жаздады. Оны бір діңгекке байлап: «Бұл дінді тастап, аталарыңның дініне қайта оралмайынша саған тамақ жоқ», - деді. Осман «Аллаһқа ант етемін, бұл діннен бет бұрып аталарымның дініне қайтпаймын» деп ажалдан да қаймықпайтынын айтты. Бұған көздері жеткен туыстары ара түсіп, оны құтқарып қалды. Ислам келмес бұрын Әбу Ләхәбтің ұлы Ұтба Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Рұқияға үйленген еді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа бір дінді уағыздағанын естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Сенің қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын», - деп хазіреті Рұқиямен ажырасып кетті. Осман (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Рұқияны өзіне некелеп қосуын өтініп, оған үйленеді.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ibn Hajar Al-Asqalani, Ahmad bin Ali. Lisan Al-Mizan: *Uthman bin al-Affan.
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1