КОКП орталық комитеті

Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті (КОКП ОК) (орыс. Центральный комитет Коммунистической партии Советского Союза (ЦК КПСС)) — партия съездерінің аралығындағы жоғарғы партия органы. КОКП ОК ең үлкен құрамы (412 адам) КОКП XXVIII съезінде (1990) сайланды.

Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
(КОКП ОК)
орыс. Центральный комитет Коммунистической партии Советского Союза
(ЦК КПСС)
КОКП ОК ғимараты, қазір Ресей Федерациясы президенті Әкімшілігінің ғимараты
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  КСРО
Құрылған уақыты 1918
Оның алдындағы мекеме РСДЖП ОК
(1898—1917)
РСДЖ(б)П ОК
(1917—1918)
РК(б)П ОК
(1918—1925)
БК(б)П ОК
(1925—1952)
КОКП ОК
(1952—1991)
Таратылған уақыты 6 қараша 1991
Мекемені басқарады КОКП съезі
Жоғарыда тұрған мекеме КОКП ОК саяси бюросы
Штаб-пәтері Мәскеу, Ескі алаң, №4 үй.
Бір мекемеге қарасты орган КСРО үкіметі (14 наурыз 1990 жылға дейін)
БЛКЖО ОК
Партияның аймақтық, қалалық, аудандық комитеттері

Ленин және РСДЖП-ның басқа да негізін қалаушылар бастапқыда ішкі демократия қағидалары бар ұйымды ойластырды, нәтижесінде партияда ешқашан төраға, ОК төрағасы немесе ОК Саяси Бюросының төрағасы лауазымдары болған емес. ОК хатшысы бастапқыда техникалық қызмет атқарды.

1991 жылы 23 тамызда Тамыз бүлігі сәтсіз аяқталғаннан соң Мәскеу әкімі Г.Х.Поповтың бұйрығымен Ескі алаңындағы КОКП ОК мен КОКП МҚК ғимараттарына сүргі салынып, олардың қызметіне тосқауыл қойылды. Сол күні РКФСР Президентінің жарлығымен республика аумағындағы аймақтық партия ұйымдарының қызметі тоқтатылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 29 тамыздағы қаулысымен КОКП Орталық Комитетінің қызметін тоқтатты, партияның ғимараттары мен басқа да мүлкіне сүргі салынды. 1991 жылы 6 қарашада РКФСР Президенті Б.Н.Ельцин өзің жарлығымен Ресей аумағында КОКП мен оның республикалық ұйымы – РКФСР Коммунистік партиясының қызметіне тыйым салды, партия меншігі тәркіленіп, Ресей билігіне берілді. 1992 жылы 30 қарашада Ресейдің Конституциялық соты РКФСР КП — КОКП бастапқы ұйымдарының таратылуын заңсыз деп таныды, бірақ партияның Орталық Комитетінің таратылуын қолдады.

КОКП ОК өкілеттігі

өңдеу

КОКП жарғысына сәйкес ОК партияның, республикалық және жергілікті партия органдарының барлық қызметіне жетекшілік етті, партияның кадр саясатына басшылық жасады. КОКП ОК орталық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына басшылық жасай отырып, оларда партия топтары арқылы жұмыс істеді, партияның әртүрлі органдарын, мекемелері мен кәсіпорындарын құрып, олардың қызметіне басшылық жасады, орталық газеттер мен журналдардың редакцияларын тағайындап, оны бақылауды, партия бюджетінің қаражатын бөлуді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырды.

КОКП ОК алқалы басқару органы болды, КОКП ОК кезекті пленумдарды – ОК барлық мүшелері мен мүшелігіне кандидаттардың жиналыстарын (партия жарғысына сәйкес 6 айда кемінде бір рет) өткізді; ОК мүшелігіне кандидаттар пленумдарда кеңесші дауысқа ие. Қалыптасқан тәжірибе бойынша КОКП (ОТК) Орталық тексеру комиссиясының мүшелері ОК пленумдарының жұмысына кеңесші дауыс құқығымен қатысты. ОК Пленумдарда ОК Саяси бюросын (Төралқасын), Хатшылығын және Ұйымдастыру бюросын, Партиялық бақылау комиссиясын (1934-1990) сайлады.

КОКП ОК саяси бюросы

өңдеу

КОКП ОК саяси бюросы Пленумдары аралығында ОК саяси жұмыстарына жетекшілік ететін жоғарғы партия органы болды. Ол РК(б)П VII-съезінен кейін тұрақты жұмыс істейтін орган ретінде әрекет етті. Ең маңызды саяси, шаруашылық және партияішілік мәселелерді шешті.

КОКП ОК хатшылығы

өңдеу
Толық мақаласы: КОКП ОК хатшылығы

Оның құрамына КОКП ОК хатшылары кірді.

1990 жылы КОКП Орталық Комитетінің хатшысы болып табылмайтын 5 хатшылық мүше енгізілді.

КОКП ОК ұйымдастыру бюросы

өңдеу
Толық мақаласы: БК(б)П ОК ұйымбюросы

Бұл орган 1919-52 жылдары болды, бірақ іс жүзінде Хатшылық қызметін қайталады және осы себепті нақты рөл атқармады.

КОКП ОК бас хатшысы

өңдеу
Толық мақаласы: КОКП ОК бас хатшысы
 
КОКП ОК хатшыларының бірі Өмір Османовтың қызметтік куәлігі
1986—1990 ж. аралығы
 
Петр Машеровтың 1966 жылғы КОКП ОК мүшелік билеті. Орталық комитет (КОКП ОК) мүшелерінің мүшелік билеттері әрленімі мен мазмұны жағынан ұқсас болды.

РСДЖП, РК(б)П, БК(б)П және КОКП съездері

өңдеу

Орталық Комитеттің сайланған мүшелерінің саны көрсетіледі

ОК аппараты

өңдеу

В 1980 жылдары 1989 жылдың қазан айына дейін КОКП ОК аппаратына кірді:

  1. Әскери бөлім (оның құқығында Кеңес Әскері мен Әскери-теңіз флотының Бас саяси басқармасы болған);
  2. Халықаралық бөлім;
  3. Қорғаныс өнеркәсібі бөлімі;
  4. Жалпы бөлім;
  5. Әкімшілік органдар бөлімі;
  6. Сыртқы сауда бөлімі;
  7. Ақпарат бөлімі;
  8. Мәдениет бөлімі;;
  9. Жеңіл өнеркәсіп және халық тұтынатын тауарлар бөлімі;;
  10. Машина жасау бөлімі;;
    секторлар: Автокөлік өнеркәсібі;
  11. Халықаралық ақпарат бөлімі;
  12. Ғылым және білім беру мекемелері бөлімі;
  13. Ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімі.
    атқарымдық секторлар:
    Партиялық құжаттарды бақылау;
    Кадрларды даярлау және қайта даярлау;
    Қоғамдық ұйымдармен, кеңестермен және комсомолмен жұмыс;
    Инспекция;
    аймақтық секторлар:
    Украина, Молдава;
    Орта Азия, Қазақстан;
    Күнгей Кавказ;
    Балтық жағалауы, Белорус;
  14. Жоспарлау және қаржы органдары бөлімі;

  1. Үгіт және насихат бөлімі
    секторлар: насихат, үгіт, көпшілікпен жұмыс, баспасөз, радио мен теледидар;
  2. Шетелдік кадрлармен жұмыс және шетелге сапарлар бөлімі;
  3. КОКП ОК социалистік елдердің коммунистік және жұмысшы партияларымен байланыстар жөніндегі бөлімі;;
  4. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімі;
  5. Құрылыс бөлімі;
  6. Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету бөлімі;
  7. Көлік және байланыс бөлімі;
  8. Ауыр өнеркәсіп және энергетика бөлімі;;
  9. Химия өнеркәсібі бөлімі;
  10. Экономика бөлімі;
  11. Инспекция;
  12. Істерді басқару.

1989 жылдың қазан айына дейін 20 бөлім болды. 1989 жылдың қазан айынан бастап 10 бөлім жұмыс істеді::

  1. Партия құрылысы және кадр жұмысы бөлімі;
  2. Идеологиялық бөлім;
  3. Әлеуметтік-экономикалық бөлім;
  4. Ауыл шаруашылығы бөлімі;
  5. Қорғаныс бөлімі;
  6. Мемлекеттік заң бөлімі;
  7. Халықаралық бөлім;
  8. Жалпы бөлім;
  9. Істерді басқару;
  10. Қоғамдық-саяси ұйымдармен байланыс бөлімі.

1988 жылы, аппарат қызметкерлері 1940 жауапты және 1275 техникалық қызметкерлер болды[1]. Н.А.Митрохиннің пікірінше, «көпшілікке аз танымал ОК аппаратының қызметшілері, көбінесе КОКП ОК мүшелеріне қарағанда елдің саяси және әкімшілік өмірінде салмақты болды»[2].

Ғылыми-зерттеу және оқу орындары

өңдеу

Орталық Комитеттің қарамағында төрт ғылыми-зерттеу және оқу орны болды: КОКП ОК қарамағындағы марксизм-ленинизм институты; КОКП ОК қарамағындағы Қоғамдық ғылымдар институты; КОКП ОК қарамағындағы Жоғарғы партия мектебі; КОКП ОК қарамағындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы.

Орталық Комитеттің халықаралық бөлімінің жетекшілігімен жабық режимде жұмыс істеген Қоғамдық ғылымдар институты социалистік емес елдердің коммунистік, жұмысшы және революциялы-демократиялық партиялары мен қозғалыстары үшін кадрлар дайындап, олардың мәселелерін зерттеді[3].

Коммунистік интернационалға көмегі

өңдеу

Коммунистік интернационалды қолдау және дамыту үшін КОКП 20 миллион доллардан астам және Варшава одағы социалистік елдердің коммунистік партияларының 2-3 млн доллар көлемінде ерікті жарналары есебінен құрылған «Солшыл жұмысшылар ұйымдарына көмек көрсетудің халықаралық қоры» болды[4].

1989 жылы қор 73 коммунистік, жұмысшы және революциялық демократиялық партиялар мен ұйымдарға көмек көрсетті. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 21,2 миллион долларды құрады[5]. Қор барлығы 93 коммунистік партиялар мен қозғалыстарға халықаралық көмек көрсетті.

2015 жылы НТВ телекомпаниясы «Темная материя» бағдарламасында «Кім КОКП алтынын ұрлады» деректі детективтік фильмін көрсетті. 2018 жылы ТВ Центр телеарнасында «Партия алтыны – Тоқсаныншы жылдар» деректі фильмі көрсетілді[6].

Онда журналистік зерттеу жүргізілді. Сұхбатта Ресей Бас прокуратурасының КОКП ісі бойынша тергеу тобының бұрынғы басшысы Сергей Аристов прокурорлық тексеру нәтижесінде 1991 жылы тамызда ТЖМК берілгеннен кейін КОКП Орталық Комитетінің (бұдан әрі – КОКП ОК) ғимаратынан астыртын партия қызметі үшін Шығыс Еуропа коммунистік партияларының хаттары мен қызметтік жазбалары табылғанын айтты.

30 жыл ішінде Италиялық компартия КОКП-дан жарты миллиард доллар алды. 1987 жылы Франциялық компартия қосымша партиялық қажеттіліктер үшін 1 млн доллар алды. Ирландияның ұлттық азаттық әскері 5 млн доллар алды.

1989 жылы КОКП ОК халықаралық бөлімінің 1989 жылғы 25 желтоқсандағы құжатында былай делінген: «Солшыл жұмысшылар ұйымдарына көмек көрсету халықаралық қоры» есебінен 62 партияның өтініші қанағаттандырылсын. Финляндия коммунистік партиясы, Дания коммунистік партиясы, Мартиника, Гваделупа, Нигерия және Мадагаскар Коммунистік партиясы қосымша енгізіледі — Фалин В.М. меңгерушінің қолы.

1991 жылы тамызда КОКП ОК халықаралық бөлімінің сейфінен АҚШ коммунистік партиясы үшін тағайындалған 2 миллион доллар қолма-қол ақша табылды.

КОКП ОК партиялық капиталдары

өңдеу

КОКП Орталық Комитеті жұмысын тоқтатқан кезде КСРО және Еуропа елдеріндегі «Достық үйлері» ғимараттары, обком, қалалық комитеттер, аудандық комитеттер ғимараттары, жоғарғы партия мектептері партия балансы тізіміне кірді:

  • 4228 — әкімшілік ғимарат
  • 131 — қоғамдық-саяси орталық
  • 134 — қонақ үй
  • 112 — мұрағат
  • 16 — ғылыми-зерттеу институт
  • 41 — оқу орны
  • 54 — В.И.Лениннің мұражай-үйі
  • 23 — шипажай мен демалыс үй
  • 145 — автобаза
  • 840 — гараж

КОКП ісі бойынша тергеу тобының бұрынғы жетекшісі Сергей Аристов, бұрынғы баспасөз министрі Михаил Полторанин, Ресей Жоғарғы Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Шумейко және милиция генералы Александр Гуров НТВ және ТВ Центр деректі детективіне берген сұхбатында 1990-1991 ж. КОКП ОК мен МҚК партиялық капиталын ұлғайту және сақтау мақсатында нарықтық экономикаға енгізілген партияның коммерциялық қызметін ұйымдастыру бойынша аса құпия жұмыс жүргізді деп мәлімет берді. Партия коммерциялық кәсіпорындарды, банктерді, кооперативтерді, ЖШС, АҚ, қорларды құруға жаппай атсалысты. Ресей ІІМ генералы Александр Гуров пен бұрынғы баспасөз министрі Михаил Полтораниннің пікірінше, партиялық капиталды сақтап қалу және ұлғайту ниеті партияның өзі олигархияны көтерді және партия активтерін шетелге шығарып, елді талан-таражға салуға әкелді.

Тергеушілер алты жүз түрлі заңды тұлға мен оннан астам банкті тауып, дәлелдей алды. Олардың кейбіреулері: «Галактика» шағын кәсіпорны (300 миллион рубл), «Логос» тәжірибелік бірлестігі (40 миллион рубл), бес жүз бірлескен кәсіпорын және жыл сайын КСРО-дан 150 миллион долларға тауарлар экспорттаған Борис Бирштейн басқаратын «SEABECO Group» БК кеңестік-швейцариялық компаниясы.

НТВ фильмінде «Тверуниверсалбанк», «Банк Империал», «Банк Менатеп», «Профбанк» кәсіподақ ұйымдарының коммерциялық банкі, «Ресей Ұлттық коммерциялық банкі», сондай-ақ КОКП ОК ақшасына құрылды делінетін «AFT өнеркәсіптік концерні», ЦУМ СҮ АҚ, «Дока Хлеб» ұйымдары көрсетілген.

Партияның коммерциялық қызметін ұйымдастыру жұмысын КОКП ОК іс басқарушы Николай Кручина мен МҚК полковнигі Леонид Веселовский басқарды, олар партия қаржысын сенімді адамдарға сеніп тапсырды, оларды коммерциялық құрылымдардағы лауазымдарға тағайындады және « КОКП алдындағы жеке міндеттерін» алды:

Мен, Тегі, Аты, Әкесінің аты, ______ жылдан бері КПСС мүшесі, осымен партияның сенiмгерi болуға, партия сенiп тапсырған мiндеттердi кез келген қызметте және кез келген жағдайда орындау туралы саналы және ерiктi шешiмiмдi растаймын. Сенімді адамдар мекемесіне қатыстылығымды көрсетпеймін.
Маған сеніп тапсырылған қаржылық және материалдық ресурстарды партияның мүддесі үшін сақтауға және ұқыпты пайдалануға міндеттенемін. Оның қайтарылуына мен бірінші өтініш бойынша кепілдік беремін.
Қолы_______ Қабылдағаны жайлы қолы_______
КОКП алдындағы жеке міндеттеме


КСРО және Ресей Мемлекеттік банкінің бұрынғы төрағасы Виктор Геращенко КСРО Мемлекеттік банкінде үш касса болғандығын айтты. МҚК кассасында 1992 жылдың 1 қаңтарынан кейін жоғалып кеткен 25 миллион доллар болды. КОКП ОК кассасында есепшоттарында 6 млрд 9 млн 173 мың 703 рубл 19 тиын болды; АҚШ долларында 14 млн 182 мың 214 доллар 25 цент болды, олар тұтқынға алынды және инфляция салдарынан құнсызданды.

1992 жылы Ресей Үкіметінің төрағасы Егор Гайдар (тапсырыс беруші) мен американдық детектив агенттігі Kroll Associates (орындаушы) арасында КОКП және оның шетелдегі КОКП сенімді өкілдерінің қаражаттары мен активтерін тергеу және анықтау үшін 1,5 миллион долларға келісім жасалды. 90 күннен кейін орындаушы тапсырыс берушіге құқық қорғау органдарына берілмей, құпия деп танылған тергеу нәтижелерін ұсынды.

Дереккөздер

өңдеу