Луар және Шер (фр. Loir-et-Cher) — Францияның батысындағы департамент, Центр аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 41. Әкімшілік орталығы — Блуа.

Географиясы

өңдеу

Жер аумағы 6343 км², бұл көрсеткіш бойынша 31 орында.

Департамент 3 округ, 30 кантон және 291 коммунаны қосады және келесі департаменттермен шектеседі: Эр және Луар, Луаре, Шер, Эндр, Эндр және Луара және Сарта.

Департамент арқылы Луар және Шер өзендері ағып өтеді.

Демографиясы

өңдеу

Халық саны 326 мың адам (департаменттер арасында 70-ші орын, 2008 ж.). Тұрғыны 1990 жылмен (11323 адам) салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

Тарихы

өңдеу

Луар және Шер — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Орлеане және Турень провинцияларының аймақтарында пайда болған. Атауы Луар және Шер өзендерінен шыққан.

Сілтемелер

өңдеу

Тағы қараңыз

өңдеу