Лугано (итал. Lugano) — итальян тілінде сөйлейтін Тичино швейцариялық кантонасында орналасқан қала. Лугано қаласы теңіз деңгейінен 273 метр биіктікте орналасқан.

Қала
Лугано
Lugano
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Швейцария

Кантон

Тичино

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°00′37″ с. е. 8°57′45″ ш. б. / 46.01028° с. е. 8.96250° ш. б. / 46.01028; 8.96250 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°00′37″ с. е. 8°57′45″ ш. б. / 46.01028° с. е. 8.96250° ш. б. / 46.01028; 8.96250 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

32.10 км²

Орталығының биiктігі

273 м

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

65 015 адам (2011)

Ресми тілі

Итальян

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

6900

Автомобиль коды

TI

Ресми коды

5192

lugano.ch  (итал.)

Лугано картада
Лугано
Лугано
 Луганоның понорамасы

Халық саны — 65 мың адам (2011 жыл).

Тарихы

өңдеу

IX ғасырда Лугано маңызды сауда-саттық орны болды. 1434 жылы Миланға өтіп кетті. 1512 жылы Лугано қаласы швейцариялық одаққа берілді.

Француз революциясының соғыстары барысында Лугано  Гельветикалық мемлекеті кантонаның аттас бас қаласы болды. 1803 жылы  Лугано қаласы Тичино кантонасына өтті. 1881 жылдан бастап кантонаның әкімшілік органдары Беллинцона қаласына ауыстырылды.

География және климат

өңдеу

Көлдің жағасы, әдемі төңірек, бірыңғай климат - осының бәрі Лугано қаласын демалатын және саяхатшыларға арналған керемет жер етеді. Таулар: Монте-Сан-Сальваторе (909 м) және Монте-Бре (930 м), Монте-Дженеросо (1695 м).

Лугано қаласындағы фестиваль

өңдеу

Лугано қаласында жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіледі.

Луганода халықтың көбісі итальян тілінде сөлейді. 

2000 жыл бойынша:

  • католиктер - 67 %
  • евангелистер - 4 %
  • атеистер - 5 %
  • православтар - 4 %
  • мұсылмандар - 4 %
  • басқалары - 14 %

Спорт

өңдеу

Лугано қаласында "Лугано" хоккей клубы бар. "Лугано" хоккей клубы швейцария хоккей лигасының жеті дүркін чемпионы болған.

Тағы да Лугано қаласында "Лугано" футбол клубы және "Лугано Тайгерс" баскетбол клубы бар.

Танымал адамдар

өңдеу
  • Монтаньола ауылында Герман Гессе қайтыс болған;
  • Лугано көлінің жағасындағы "Алтын төбе" қожалығында Джордж Харрисон өмірінің ең соңғы айларын өткізді. 

Қызықты деректер

өңдеу

Лугано қаласында бірнеше күлкілі оқиғалар және Серджио Корбуччидің итальяндық комедиясы өткізіліп жатыр.

Дереккөздер

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу