Манш (фр. Manche, норманд. Maunche) — Францияның солтүстік-батысындағы департамент, Төменгі Нормандия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 50. Әкімшілік орталығы — Сен-Ло. Халық саны 481,5 мың адам (департаменттер арасында 52-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы

өңдеу

Жер аумағы 5938 км². Манш — Котантен және Шосей аралдарының бөліктерін өзіне қосады. Департаментті батысынан және солтүстік-шығысынан Ла-Манш бұғазының сулары шайып жатыр. Жаға сызығының ұзындығы шамамен 350 км құрайды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

өңдеу

Департамент 4 округ, 52 кантон және 602 коммунаны қосады.

Тарихы

өңдеу

Манш — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Нормандия провинциясының аймағында пайда болған.

1796 жылға дейін Маншаның астанасы Кутанс қаласы болған. Кутанс қаласы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтадан астана статусын алды (ағымдағы астанасы Сен-Ло толығымен қираған болатын) және Сен-Ло қаласының қайта қалпына келтіруне дейін статусын сақтап қалған.

Сілтемелер

өңдеу

Тағы қараңыз

өңдеу