Марна (департамент)

Марна (фр. Marne) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Шампань-Арденне аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 51. Әкімшілік орталығы — Шалон-ан-Шампань. Халық саны 566 145 мың адам (департаменттер арасында 38-ші орын, 2009 ж.).

Департамент аумағында жүзім өсіріледі және шымырлайтын шарап — шампан шарабы жасалады.

Географиясы

өңдеу

Жер аумағы 8162 км². Департамент арқылы Марна және Вель өзендері ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

өңдеу

Департамент 5 округ, 44 кантон және 620 коммунаны қосады.

Тарихы

өңдеу

Марна — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі.

Бұрынғы Шампань провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Марна өзенінен шыққан.

Сілтемелер

өңдеу

Тағы қараңыз

өңдеу