Хеджерлеу[1] (ағылш. hedging - қоршау) - сатушы мен сатып алушыны болашақта баға мен валюталар бағамының ықтимал өзгеруі қатерінен сақтандыру мақсатымен жасасылған хедж-мәміле. Ол өнеркәсіптік және сауда фирмаларының жай коммерциялық қызметіне немесе банкілердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының қаржы операцияларына толықтыру ретінде жүзеге асырылады және фьючерстік келісімшарттарды сатып алумен немесе сатумен аяқталады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.— Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2