Ретровирустар

Ретровирустар — құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар тұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ молекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 — 120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға, лентивирустарға және спумавирустарға бөлінеді[1]

Ретровирустар
HIV retrovirus schematic of cell infection, virus production and virus structure
HIV retrovirus schematic of cell infection, virus production and virus structure
Вирус таптастыруы
Тобы: Group VI (ssRNA-RT)
Сабы: Unassigned
Тұқымдасы: Retroviridae
Genera

Subfamily: Orthoretrovirinae

Subfamily: Spumaretrovirinae

АИТВ-инфекциясы

өңдеу

АИТВ-инфекция '– адам иммунды тапшылық вирусымен (ретровирус) шақырылатын, организмде иммунды клеткаларын зақымдап, иммунды тапшылыққа ұшыратып, нәтижесінде көптеген оппортунистикалық инфекцияларымен қатерлі ісіктермен фатальды түрінде өтетін антропонозды ауру.

Тарихи мәліметтер

өңдеу
  • Сырқат 1981 жылдан бері тарауда.
  • Қоздырғышы 1983 жылы анықталған (Л.Монтанье, Р.Галло).
  • Қазіргі күнде АИТВ-инфекция глобальды түрінде таралуда.
  • Инфекцияланған адамдардың саны 50 млн-ға жуық.
  • Ай сайын 60 мың адам жаңадан инфекцияланады

Этиологиясы

өңдеу
  • Қоздырғышы HIV-вирус (human ummunode-ficiency virus).
  • Тұқымдастығы-pempoвирустар
  • Туыстығы – лентивирус
  • Қазіргі күнде вирустың 2 түрі белгілі:
    • АИТВ-І (негізгі қоздырғыш)
    • АИТВ-ІІ(басты Африкада)

АИТВ- вирустың қаситтері

өңдеу
  • Түрі-диаметрі 100-140 нм сфера тәрізді. Сыртқы қабаты-2 гликопротеидтен (др 120, др 41) қалыптасады – иммунды клеткаларын тіркелу әрекетін атқарады.
  • Ішкі қабаты-белок р.17-ден құрылған –клетка орталығын тығыз қоршайды.
  • Орталығында РНК-ның 2 молекуласынан қалыптасқан вирустың геномы орналасады.
  • РНК-мен қатар – кері транскриптаза (ревертаза) протеаза, интеграза деген ферменттеры де орын тапқан.
  • АИТВ-жоғары деңгейлі өзгергіштікпен жоғары биологиялық белсенділікпен сипатталады.
  • 1 тәулік ішінде 1 млрд-қа дейін жаңа вириондар шығып отырады.
  • Адам организмінде вирус СД-4-рецепторлары бар клеткаларын зақымдайды:
    • Т4- лимфоциттер;
    • Моноциттер, Лангерганс клеткасы, макрофагтар В және О лифмоциттер;
    • энтероциттер;
    • нерв клеткалары;
  • Төзімділігі – орташа.
  • 51С-10 минут ішінде жайылады. Төмен температураларды жақсы көтереді.
  • Дезинфекциялық сұйықтықтардың 70% этил спирті,   2 % этил эфиры, ацетон,  0,2 % натрий гипохлорид әсер береді.

Эпидемиологиясы

өңдеу
  • Антропонозда инфекция
  • Ауру көзі мен резервуары-тек қана адам: АИТВ-мен инфицирленген және ЖИТС- пен ауыратындар.
  • инфицирленген немесе ауру адам организімінде вирус барлық биологиялық сұйықтықтарда болады- қан, сперма, вагинальді бөлініс, ана сүтінде, сілекей, ликворды, бронх секретінде
  • Аса қауіпті - қан мен сперма
  • 1 мл қанда -вирустың 3000 бірлігі
  • 1 мл спермада- 50 бірлігі анықталуда[1] Мұрағатталған 19 қаңтардың 2015 жылы., [2](қолжетпейтін сілтеме), [3](қолжетпейтін сілтеме), [4] Мұрағатталған 19 қаңтардың 2015 жылы.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X