Сәтей Нұртазаұлы


Сәтей Нұртазаұлы (28 ақпан 1938 жыл,[1] Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия15 маусым 2010 жыл, Алматы, Қазақстан[2]) — қазақ ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері.

Сәтей Нұртазаұлы
Туған күні

28 ақпан 1938 (1938-02-28)

Туған жері

Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия Халық республикасы

Қайтыс болған күні

15 маусым 2010 (2010-06-15) (72 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Ұлты

қазақ

Марапаттары

Өмірбаяны

өңдеу

Керей тайпасының ноқта ағасы Ителі руынан шыққан.

Азан шақырып қойған есімі – Ғабдусаттар. Бес айлық сәби кезінде, аласапыран заманда әкесі Нұртаза Шудабайұлы мен атасы Шудабай Майлыбайұлы репрессияның құрбаны болып, 1938 жылғы тамыздың 19-жұлдызында халық жауы деген жаламен Қобда түрмесінде атылған.[3]

Үкілі қызыл қарындашын қойнына алып жатып жүріп, газет шетіне, тақтайшаға жазып, мұғалімі, ағасы Қ. Қабдылдан хат танып, С. Қалиағзамнан сан үйренген. Он жасында екінші сыныпқа түсіп, үштен төртінші сыныпқа аттап оқып, мектепте озат оқушы атанып, Ұланбатырға офицер мектебіне аттанып бара жатып, арттағы ауыл-үйдің мәселесіне байланысты жолдан қайтады. 1953 жылға дейін үй ішіндегі тірліктермен үйде болады. Кейіннен 1953 жылы Делуінге бесінші сыныпқа барады. Бірде тарихтың мұғалімі Б. Нұрахмет сабаққа дұрыс жауап бергені үшін «Молодец, Сәтей!» (орысшадан «Жарайсың, Сәтей!») деп қалғанынан болып, «Молодец, Сәтей» деген лақап есімді болып шыға келеді. Кейде "Сәтіш" деген де лақап атымен айтылады. 6-сыныпта оқып жүрген қыста аймақ орталығы – Баян-Өлгейде өтетін сайлау жиынына Делуін жастарының өкілі болып қатысады.

Өлгейдің онжылдық №1 орта мектебін 1959 жылы үздік бітіріп, Ресейдің Ленинград қаласына оқуға жолдама алады. Институтты “қызыл дипломмен” таусады. Оқыған мамандығы – инженер-механик. Кейіннен өз саласының майталманы болды.[1]

Өлгейге бас инженерлік қызметке 1964 жылғы күзде тағайындалады. 1967 жылғы күзде Ноғоннұрда ауыл шаруашылық машина станциясына бастық, 1968 жылы аймақта ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 1969 жылдан сұмын, бірлестік бастығы болып бастағаннан 1996 жылға дейін басқару қызмет атқарады. Еңбек жолының ең сүбелі кезеңдері Ноғоннұрда, Бұлғын, Ғалтыда (Көбсгөл аймағының сұмыны) және Ұланбатыр құс фабрикасында өтеді. Қорыта айтқанда бірлекстіктің кірісі 4 млн төгрөгке, мал басы 100 мыңнан асып, жоспарлы міндетін 103–113% артық орындады. Соңғы үшеуі «мемлекеттік озат шаруашылық» атағын (1973, 1980, 1987 жылдары) алды,[3] ал біріншісі нығайған ұжымға айналды.

Осы аралықта үш жоғарғы оқу орнын өте жақсымен тәмәмдап, Темірқазық ордені, «Ауыл шаруашылық озаты», «Онц хилчин» атағымен марапатталып, құлаған төрт шаруашылықты «Озат шаруашылыққа» жеткізудің нәтижесінде 8 рет аймақтық, 1 рет мемлекет депутаты, 4 рет үлкен құрылтай делегаты сияқты т.б мәртебеге жетті.[4]

Нұртазаұлы Сәтей еңбегін Үкіметтік дәрежедегі насихат плакатындағы мына бір жолдар дәлелдей түседі. «…Сәтей жолдас қазір аймақты пленум мүшесі, аймақтық және сұмындық депутат; Ол МХРП XVI съезіне делегат болды. Сәтей Нұртазаұлы тамаша таланты мен қажырлы еңбегімен елге танылған аймағымыздың таңдаулы зиялыларының бірі…

МХР Халық Ұлы Хуралының жетінші реткі сайлауының Халық Ұлы Құрылының депутаттығына Нұртазаұлы Сәтейдің есімін ұсынған (1973).[4]

1979 жылғы күзде Ұланбатыр қалалық ауыл шаруашылығының орынбасарына тағайындалады. Ал 1982 жылдан Моңғолияның бүкіл құс фабрикалары қарайтын Ұланбатыр құс фабрикасының бастығы болады.

1991 жылғы 29 тамызда атажұртқа қоныс аударды.[3] Онда «Талдықорған құс фабрикасы» бастығының орынбасары болып 1996 жылға дейін қызмет етеді. 2007 жылы қажылық сапарын өтеді.[1]

Сәтей Нұртазаұлы Көркем әдебиет саласында да елеулі еңбек еткен қаламгер. Оның әңгіме, повестері моңғол, қазақ баспа сөзінде жарияланды. Б. Моңғолханмен бірлесіп Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романын моңғол тіліне аударды. Өз шығармашылығы «Келін» (1986) және «Таразы» (2008) кітаптарымен толықты.[3]

2010 жылғы 15 тамызда, 73 жасына қараған шағында Алматы қаласында дүние салды.

Марапаттары

өңдеу

Сәтей Нұртазаұлының марапаттары және атақтары:[4]

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b c {{{тақырыбы}}}. — ISBN 978-601-06-1355-3.
  2. Алаштың ардагер азаматы  (қаз.). Мінбер ақпарат агенттігі (17 маусым 2010). Тексерілді, 11 ақпан 2024.
  3. a b c d Кәрімұлы Қапар, редакторы Бақытбек Бәмішұлы Жиһангер Майлыбай Топайұлы: шежіре, хикаяттар — Алматы: Арыс, 2023. — 248 б. — ISBN 978-601-291-583-9.
  4. a b c {{{тақырыбы}}}. — ISBN 9965-21-793-9.