Талдықорған

Қазақстан Республикасындағы қала
(Талдықорған қаласы бетінен бағытталды)

ТалдықорғанҚазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала, Жетісу облысының орталығы.

Қала
Талдықорған
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыс орталығы

Облысы

Жетісу облысы

Әкімі

Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°59′58″ с. е. 78°22′52″ ш. б. / 44.99944° с. е. 78.38111° ш. б. / 44.99944; 78.38111 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°59′58″ с. е. 78°22′52″ ш. б. / 44.99944° с. е. 78.38111° ш. б. / 44.99944; 78.38111 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1868

Бұрынғы атаулары

Гавриловка

Қала статусы

1944

Жер аумағы

74 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

168 674[1] адам (2023)

Тығыздығы

4139 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 76,24 %
орыстар 17,93 %
корейлер 2,26 %
татарлар 1,34 %
немістер 0,58 %
ұйғырлар 0,45 %
шешендер 0,26 %
өзбектер 0,17 %
украиндар 0,11 %
әзербайжандар 0,09 %
қырғыздар 0,06 %
басқалары 0,51 %[2]

Этнохороним

талдықорғандық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7282

Пошта индекстері

040000

Автомобиль коды

B, V,05

Талдықорған қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Талдықорған картада
Талдықорған
Талдықорған
Талдықорған картада
Талдықорған
Талдықорған

Тарихы

өңдеу

Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы "Гавриловка" ауылы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды.[3] Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбір деректерде 1921 жылы) "Гавриловка" ауылының атауы ресми түрде "Талды-Қорған" ауылы деп өзгертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған ауылына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысының орталығы болып келді[4]. 2022 жылдың маусымынан жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы.

Географиясы

өңдеу

Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 74 км² құрайды.

Климаты

өңдеу

Қаланың климаты континенттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 350 - 400 мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс (34%), солтүстік (16%) бағыттан соғады. Жылына 50 күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.

Бір қызығы, Талдықорған қала мәртебесін 1944 жылы ғана алған. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С құрайды.

Өсімдіктері

өңдеу

Талдықорған бұта аралас сулыбас, бетеге, боз, эфемерль бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкеп, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өpiк, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.

Әкімшілік ұйымдастырылуы

өңдеу

Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген және құрамында Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы бар.

Халқы

өңдеу
# Санақ болған жыл Халықтың саны
1. 1959 41418
2. 1970 60601
3. 1979 87948
4. 1989 119149
5. 1991 124500
6. 1999 97996
7. 2004 100577
8. 2005 103041
9. 2006 106900
10. 2007 110686
11. 2008 114441
12. 2009 123038
13. 2010 125919
14. 2011 127324
15. 2012 130253
16. 2016 163300

Халық тығыздығы - 1 км²-ге шаққанда 1155 адам.

2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халқының саны (1999, 2009, 2021)[5][6]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
97996 124223 165325 133,1 56958 77581 136,2 67265 87744 130,4

Ұлттық құрамы

өңдеу

Діни сенімдері

өңдеу

Талдықорғанда мынадай діни ғибадат орындары бар:

  • «Иман» орталық мұсылман мешіті
  • «Нұр» мұсылман мешіті
  • «Жетісу» мұсылман мешіті («Ақмешіт»)
  • «Ерқын» мұсылман мешіті
  • «Керімбек би» мұсылман мешіті
  • Талдықорғандағы Иегова куәгерлері қауымдастығы
  • 2 православие шіркеуі:
  • Джон теолог соборы
  • Құдайдың Қасиетті Архангелінің Габриел шіркеуі
  • Қасиетті Марияның католик шіркеуі
  • Бетел пресвитериандық шіркеуі
  • Синагога
  • «Агапе» евангелиялық христиан шіркеуі
  • «Талдықорған қаласы жергілікті бахаилер рухани ассамблеясы» діни бірлестігі
  • Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Вефезда» баптистері
  • Евангелист христиандар шіркеуінің діни бірлестігі – «Думамис» баптистері
  • «Христиандар шіркеуі – Талдықорған қаласының жетінші күнінің адвентистері» діни бірлестігі
  • «Жаңа өмір» толық Інжіл шіркеуінің діни бірлестігі
  • Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуі

Өнеркәсіп

өңдеу

Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға «Қайнар», «Teмip», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т. б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ, «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» АҚ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұңқар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалық жол құрылысы» ЖАҚ, т. б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.

Әлеуметтік инфрақұрылым

өңдеу

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С. Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, білім беру саласын бойынша

  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi,
  • Медицина колледжі,
  • Қ.Байсеитов атындағы музыкалық колледж,
  • Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі,
  • Талдықорған жоғары политехникалық колледжі,
  • 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектеп,
  • жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді.

Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында

  • "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған),
  • "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.) ,
  • Көркем-сурет галереясы (бұрынғы Пионерлер үйі , 1957 ж.),
  • № 3 кәсіптік-техника мектеп ғимараты (1958),
  • Сән ательесі (1959),
  • Қалалык әкімшілік ғимараты (1950) ,
  • Аяқ-киім фабрикасы (1952),
  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975),
  • Ақ мешіт (1996),
  • С. Сейфуллин атындағы кітапхана (1982),
  • М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т. б. бар.

Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, «Алтын дән», «Туған тел», «Ачимноуль», «Контраст», Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, «Улыбка», «Солнышко» атты көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді. Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352 км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96 км-i тас жол. Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т. б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 жылы салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк пойыздары қатынайды. Тікелей пойыз жүрмейді.

19 емдеу-сауықтыру орыны:

  • қалалық емхана;
  • жүрек ауруларын емдейтін орталық;
  • қалалық, санитарлық-эпидемиология станса;
  • облыстық онкология диспансері;
  • әйелдерге дәрігерлік көмек беретін орталық;
  • облыстық перинатальдық орталығы;
  • облыстық аурухана;
  • қалалық облыстық балалар ауруханасы;
  • жұқпалы аурулар ауруханасы;
  • туберкулез диспансері;
  • облыстық наркология диспансері;
  • қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы;
  • қалалық қан орталығы;
  • қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді.

Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық 758 км, Алматы қаласына дейінгі қашықтық 279 км.

Тұрғындар саны 168,674 адамды құрайды (2023 жылы).[3] Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.

Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңір аралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 1 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім беру мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.

Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.

Бауырлас-қалалар

өңдеу

 , Анталья, Түркия[7]

Көрнекі орындары

өңдеу
 
Қала кіре берісіндегі Қадырғали Жалаири ескерткіші

Дереккөздер

өңдеу

Сыртқы сілтеме

өңдеу