Тальхиз немесе ТальирАлматы облысында орналасқан орта ғасырлық қала орны. Талғар қаласының оңтүстігінде, Іле Алатауы бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан[1].

8-9 ғасырлардың жазба деректерінде Тальхиз деген атпен белгілі. Қаланың гүлденген кезі 10-13 ғасырларға тура келеді. Бұл кезеңде Тальхиз экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Жан-жағы дуалмен қоршалған қаланың қазіргі кезде төртбұрышты төбе болып қалған орта тұсы сақталған.

Қала жан-жағынан биік қамалмен қоршалған. Қамал қабырғаларының бұрыштары мұнаралармен толықтырылып, сыртынан ор қазылған. Қазір олар үстін шөп басып, бұта жапқан топырақ үйіндісіне айналған.

Қалаға кіретін екі қақпа бар. Олардың біріншісі солтүстік–шығыс жақ қабырғаның ортасында да, екіншісі оңтүстік-батыс жағында.

Тальхиздың орталық бөлігі – ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты алаң. Орталық бекіністің шетінен тұрғын үйлер, шеберханалар салынып, қаланың ауқымы 30 гектарға жеткен. Көп жылдар бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Тальхиздағы тұрғын үйлердің, шеберханалардың үлкен немесе кішкене көшелерді жағалай топ-тобымен орналасқандығы анықталды. Қалашықтың ішіндегі жолдар өзеннің малта тастарымен төселіп қаланы төртке бөліп тұр. Үйлер көшелер арқылы кварталдарға топтастырылған, әр кварталда 12-14 үй болған. Олардың өзі тар көшелер арқылы өзара байланысып жатқан.

Қалада 3500-5000 м2 жерді алып жатқан 60-қа жуық квартал орналасқан. Үй-жайлардың өздеріне тән белгісі, құрылымы болған: олар үйдің өзінен және ауласынан құралған. Ауланың үлкен-кішілігі үй қожасының тұрмыс жағдайына, дәулетіне байлынысты. Өйткені қай уақытта да қалада жер қалада жер қымбат болатыны белгілі. Қаланың ішіндегі тұрғын үйлердің жоспары ұзынша төртбұрышты жұмыр тастардан саз балшық араластырып тұрғызылған. Әрбір үй бірнеше бөлмеден тұрады және тұрғын бөлмелерді жылыту, нан пісіру мақсатымен тандыр, ал шаруашылық бөлмелерінде ұра орналастырылған.

Қала құрылысы негізінен тастан қаланған. Әрбір құрылыс орнының аумағы 300 м2. Отырықшы малшылармен қатар қалада ұсталар, қыш, әйнек, әшекей, сүйек, темір өңдеу шеберлері және құрылысшылар да көп болған. Қаладан қыш ыдыстар, темірден, қоладан, сүйектен жасалған құралдар мен әшекейлер көптеп табылды.Мысалы: тұғырадағы шырақ, ақшалар. Күміс,мыс. Сүйектен қашап алынған әр түрлі тұрмыстық бұйымдар, қола айна, шырақ. Ирандық мыс құмыра және де басқа жәдігерлер.[2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Тальир (Тальхиз).
  2. Жетісу энциклопедиясы
  3. Талгар (Тальхиз).