«Уэмбли» (ағылш. Wembley Stadium; [ˈwɛmbli]), Жаңа Уэмбли атымен де танымал (ағылш. New Wembley) — футбол стадионы, Англиядағы Лондон қаласында орналасқан.

Уэмбли

4-ші санаттағы УЕФА стадионы
4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан

Орналасуы

Лондон, Ұлыбритания

Салынған

2003—2007

Ашылған

2007

Құрылыс құны

£789 млн (2007)

Сәулетші

Foster and Partners
Populous

Иесі

Англия футбол ассоциациясы

Мердігер

Brookfield Multiplex

Сыйымдылығы

90 000

Команда

 Англия (2007 жылдан бері)
Тоттенхэм Хотспур (2017—2019)

Алаңның өлшемі

105×69 м

Алаң беті

Desso GrassMaster

Сайты

wembleystadium.com  (ағыл.)

Уэмбли (Англия)

Тарихы

өңдеу

"Ескі Уэмбли"

өңдеу

1923 жылы құрылысы аяқталды да, пайдалануға берілді. Ол кезде "Британ империясының көрме стадионы" деп аталды. Сол жылы 28 сәуір күні алғашқы ресми матч ойналып, Англия кубогында «Болтон Уондерерс» пен «Вест Хэм Юнайтед» кездесті. Матчты тамашалауға қанша көрермен жиналғаны белгісіз, бірақ 150000 адамнан кем жиналмаған көрінеді.

"Уэмбли" 1948 жылғы Жазғы Олимпиададағы жеңіл атлетика жарыстарының негізгі аренасы болды. 1966 жылғы әлем біріншілігінің бірнеше ойыны (финалдық матчпен қоса) осында өткізілді.

1996 жылғы Еуропа чемпионатының бірнеше кездесуі осында ойналды.

Стадионда жеті рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық матчы ойналды (1963, 1968, 1971, 1978, 1992, 2011, 2013).

Жаңа "Уэмбли"

өңдеу
 
Уэмбли стадионының іші

2003 жылы стадион бұзылды да, қайта тұрғызылды. Қайта ашылу салтанаты 2007 жылы өтті[1]. Бұл жолы жүгіру жолдары алынып тасталып, тек футболға арналған арена ретінде салынды.

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының басты аренасы болды.

2020 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық матчы "Уэмблиде" өтеді.

Дереккөздер

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу