Шәуқарға, ұзаққарға (лат. Coloeus monedula) — торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймақтарында (тек сусыз жерлерде болмайды) кездеседі. Денесінің ұзындығы 33 см, қанатын жайғанда ұзындығы 65 см, әрбір қанаты — 22 см, құйрығы — 13 см, салмағы 150 — 200 г. Қауырсыны жұмсақ. Арқасы қара, металл сияқты жылтыр, бауыры сұр қара, аяғы қызыл түсті. Негізінен жыл құсы, бірақ арасында қыстап қалатындары да болады. Моногамды құстар. Ұясын ағаштың кеуегіне, жартастың қуысына, құлама жарлардағы індерге және үйлердің шатырына салып, онда топталып тіршілік етеді. Жылына бір рет көгілдір жасыл түсті, теңбіл жұмыртқаларын (3 — 6) сәуірмамыр айларында салып, 16 тәуліктей басады. Ұясынан тобымен ұшып, қоныс аударып тіршілік етеді. Шауқарға жәндіктермен де, өсімдіктермен де қоректенеді.[2] Ұзаққарға топтанып ұшып жүретін құс. Ауылшаруашылық егістіктеріне зиян келтіретін шегіртке сияқты насекомдармен қоректеніп, оларды құртып отырады. Кейде егістерді жапырып, ауыл шаруашылығына өзі де зиянын тигізеді.[3]

Шауқарға
Coloeus monedula spermologus
Coloeus monedula spermologus

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Corvidae
Тегі: Coloeus
Түрі: C. monedula
Екі-есімді атауы
Coloeus monedula
Линней, 1758
Jackdaw range
Jackdaw range
Синонимдері

Corvus monedula Linnaeus, 1758

Дереккөздер

өңдеу
  1. BirdLife International Corvus monedula. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2011.1. International Union for Conservation of Nature (2009). Тексерілді, 1 тамыз 2011.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  3. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев