Қалжан Ахун сағанасы

Қалжан Ахун сағанасы немесе Қалжан Ахун мешіті — ХХ ғасырдың басына жататын, архитектуралық ескерткіштердің бірі. Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан (азимут 296°). Географиялық координаттары: 45°04′56″ с. е. 64°50′43″ ш. б. / 45.08222° с. е. 64.84528° ш. б. / 45.08222; 64.84528 (G) (O) (Я)

Діни ғұлама Қалжан Ахун Бөлекбайұлы салдырған. Іргетасы 1902 жылы қаланған. Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (руы қожантай табын) - белгілі ғалым (1862-1916 ж.), Бұхарадағы Күкелдаш медресесінің заң факультетін бітірген. ОЛ-суырып салма ақын, жұлдызшы , табиғат өзгерістерін болжаушы, сонымен қатар рухани жетекші, жергілікті халықтың арасында үлкен беделге ие болған адам.

1922 – 30 жылдары алғашқыда «Ақжол» мектеп-интернаты, кейін жеті жылдық мектеп болды. 1937 жылы кеңес белсенділері бұзған. 1989 жылы мешіт облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының есебіне алынған. Қазір Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары қамқорлыққа алған.

Сағана сипаты

өңдеу

Сағана тікбұрышты күйдірілген , жоғары сапалы кірпіштерден (6/7×13×28 см, 10 қатар + 10 жым = 0,85 м ) тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері - 9,8×14,5 , биіктігі -3,8 м.

Жоспарындағы тікбұрышты болып келген ескерткіш көлденең осімен оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс бағыты бойынша созылған. Ескерткіш екі бөлікке бөлінген: оңтүстік-батысын мешіт алып жатса, ал қарама-қарсы жағында ішінде бірнеше қабір үсті ескерткіштері бар аула орналасқан.

Барлық құрылыс беті кірпіштен қаланған қабырғалармен қоршалған. Қабырғалардың бұрыштары пилястрлермен көмкерілген. Осындай элементтермен мешіт пен хазир-ауланың түйісіндегі қабырғалар да бөлінген. Мешіттің қабырғасы ауланың қабырғасынан биік және кірпіштер кронштейндерінен пайда болған ернеумен көмкерілген, ауланың ернеуі тым қарапайым, оның барлық қабырғасы (кіреберіс ойығы бар бөліктен басқа) екі құламалы болып аяқталған.

Ескерткіш кіреберісі

өңдеу

Ескерткіштің кіреберісі оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан және үсті кірпіш пирамидалармен аяқталған аттикалық тәжделумен ерекшеленген. Аттиктік орталық мұнарашасы қалғандарына қарағанда биіктеу, оның астында, негіздік және аулалық қасбеттерінде араб графикасында орындалған "1334" деген санды филенкалар бар.

Мешіт сипаты

өңдеу

Мешіт интерьерінде төбе жабылымы үш жақтан қабырғаға тіркелген, ал төртінші жақтан үш бағанаға сүйенген, солтүстік-шығыс жаққа ашылған айван түрінде болып келген. Ағаш бағаналар жасыл түске боялған, қиылысында шаршы іспетті, жоғарыға қарай тартыла түскен олар оймышты арқалық бар. Бұл арқалықтар айдалым шетінен айшықты консольдер түрінде шығып тұр. Платформа түрінде болып, жер деңгейінен көтерілген еденге кірпіш төселген. Түкпірге, оңтүстік-батыс қабырғаның ортасына да, түпкі жақта құлыптық жағында киль тәрізді кесілімге ие жарты циркуль кескінді аркамен көмкерілген сымбатты пішіндегі михраб қуысы жасалған. Михраб қуысы әсем жабыстырмалармен жиектелген, оның төменгі бөлігі жауырыншалар түрінде безендірілсе, ал жоғарғысы- қосарланған, бетше босаға пішінін қайталайды[1].

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы; Қызылорда облысы,Алматы, Аруна баспасы , 2011