Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай




Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай (19.10.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.[1][2][3][4] [5]

Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай
Дүниеге келгені: 1951 ж. 19 қазан
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы
Ұлты: қазақ
Мансабы: журналист

Өмірбаяны

өңдеу

Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай 1951 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Көкдөнен ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін әр жылдары республикалық қоғамдық-саяси «Халық кеңесі» газетінде жауапты хатшы орынбасары, жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1996 жылы «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналына ауысып бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Сонымен қатар балаларға арналған «Алақай-Балақай» журналының және «Бас қатырғыш» газетінің бас редакторы болды.

Дереккөз

өңдеу
  1. Қыдырәлі Қойтай  (қаз.). on.kz (18 қазан 2014). Тексерілді, 6 наурыз 2015.
  2. «Горький университетінен» өткен тағдыр иесі  (қаз.). urker.kazgazeta.kz (18 қазан 2014). Тексерілді, 6 наурыз 2015.
  3. Баукең, Нұрағаң және Дәуқара  (қаз.). aqjolgazet.kz (30 қыркүйек 2021). Тексерілді, 6 наурыз 2022.
  4. Басқар, тұтқаны таста  (қаз.). qulantany.kz (29 қыркүйек 2021). Тексерілді, 6 ақпан 2022.
  5. Шахмат әлемiндегi экстрасенстер  (қаз.). egemen.kz (29 қыркүйек 2021). Тексерілді, 6 ақпан 2022.