Әл-Хижр сүресі

(Әл-Хиджр сүресі бетінен бағытталды)

Әл-Хижр сүресі (араб. الحجرХижр) — 15-ш Құран сүресі. 99 аяттан тұрады. Бұл Меккелік сүре Мұхаммед пайғамбарға 12-ші сүре Жүсіп-тен кейін Мұхаммед пайғамбардың Меккеде болған соңғы жылы уахи етілген.

Әл-Хижр сүресі — الحجر

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Хижр

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

54

Статистика
Сүре нөмірі

15

Аяттар саны

99

Джуз

14

Хизб

27

Рукуғ саны

6

Сөз саны

654

Әріп саны

2760

Муқаттаға әріптері

Әлиф, Ләм, Ра.

Алдыңғы сүре

Ибраһим сүресі

Келесі сүре

Ән-Нахл сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Салиһ елі

өңдеу

"Әлбетте (Салих елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді. (15:80)

Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар, одан бет бұрған еді. (15:81)"

Лұт пайғамбар

өңдеу

"Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт. (15:51)

Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді. (15:52)

(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен сүйінілейміз” деді. (15:53)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?”, – деді. (15:54)

(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді. (15:55)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, – деді. (15:56)

(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, – деді. (15:57)

(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді. (15:58)

“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз”. (15:59)

“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”. (15:60)

Елшілер, Лұт семьясына келгенде: (15:61)

“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (15:62)

(Елшілер): “Жоқ біз олардың күмәнданған азабын алып келдік” деді. (15:63)

“Біз саған нақты шындықты келтірдік. Әрине шын айтамыз”. (15:64)

“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”. (15:65)

(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік. (15:66)

Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті. (15:67)

(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді. (15:68)

“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…” (15:69)

(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, – деді. (15:70)

(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді. (15:71)

(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді. (15:72)

Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. (15:73)

Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық. (15:74)

Күдіксіз осыда қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар. (15:75)

Өйткені, ол жер, жол үстінде еді. (15:76)

Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғибрат бар. (15:77)"

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
Алдыңғы сүре:
Ибраһим сүресі
Құран - 15 сүре Келесі сүре:
ан-Нахл сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу